Мәдениет

Асанәлі Әшімов басынан қиын кезеңдер өткенін айтты

Фото: ашыұ дереккөз

КСРО халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов блогер Дулат Тастакеевке сұхбат беріп, балалық шағы туралы айтып берді, деп жазды qandastar.kz

“Соғыс жылдары аяқ киім жоқ. Бар болғанның өзінде қыста киеміз деп сақтап қоямыз. Суықта ғана киеміз. Жаз-күз айларында жеңіл бәтеңке киіп барамыз. Кейде жалаң аяқ та жүре береміз. Бір күні күздің аяғына қарай мектепте отырғанда қар жауып кетті. Көзді ашып-жұмғанша айнала ақ мамыққа оралды. Сыныптастарымыздың ата-аналары келіп, балаларын алып кетті. Менің алып кететін ешкім жоқ. Сол түні мектепте қонатынымды сездім. Ол кезде от та жақпаған. Айтқанымдай, мектепте түнеп шықтым. Партаның үстінде отырдым. Менімен ешкімнің ісі жоқ. Түнімен неше түрлі қорқынышты дүниелер көз алдыма келді. Алағызып, елегізіп қатты қорықтым. Сол түн мені есейтіп жіберді. Жетім екенім есіме түсті. Артымда жанашыр адамым жоқ екенін ұқтым. Өмір деген осы екен ғой деп ойладым”, – деді актер.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close