Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова отбасындағы ауыр қаза туралы хабарлады, деп жазады qandastar.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бағдат Әшімова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Асанәлі Әшімовтің марқұм ұлы Сағидың жары өмірден өткенін жазды.
Асылымнан айырылып, көз жасымызды тыя алмай, жүрегіміз жадап отырған шақта тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селімхан дүниеден өтті. Аңсарым мен Майрамның көз жасын сүртіп, қайғыда қастарында болу, өмірдің жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын. Селімхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын, – деп жазды Бағдат Әшімова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



