Шоу бизнес

Әсел Сәдуақасова жақынынан айырылды

Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова жақын құрбысының қайтыс болғаны туралы қайғылы хабармен бөлісті. Өзінің жан күйзелісін ол жеке парақшасында жазды, деп жазады qandastar.kz.

Блогердің айтуынша, оның құрбысы аяқ астынан сырқаттанып қалған. Дәрігерлер оған онкология диагнозын қойған.

«Бәріміз түсіндік, бірақ бұған дайындалу мүмкін емес екен. Оның жасы небәрі 43-те еді. Қазір оның туыстары және жақындарымен жазысудамын. Барлығы әлі де шокта, және менің ойымша, бәріміз бұл жағдайды әлі жоққа шығару кезеңіндеміз. Санама сыймайды – қалай ғана осылай болды», – деп жазады ол.

Садықасова жақын адамынан айырылу тәжірибесін алғаш рет бастан кешіріп жатқанын атап өтті.

«Бұл өте ауыр әрі қорқынышты екен. Әсіресе, бес бірдей әдемі баланың анасыз қалғанын ойлау жанға батады. Және бір күні сен де, сондай-ақ сүйікті адамдар да бұл дүниеде болмайтын сәт келетіні — осының бәрі қорқынышты. Мұның бәрі барлығы терең қартайғанда болса екен деп армандайсың, бірақ қашан боларын бір Алла ғана біледі», — деді Әсел.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button