Жаңалықтар

Аш баланы тамақтандырған әйелдің әрекеті көпшілікті тебірентті

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада әйел адамның мейірімді ісі жұрттың жүрегіне жылу ұялатты. Видеода жас бала дүкен сөресінен алма алмақ болған сәтте сатушы оны тоқтатады. Баланың «Қарным аш, анам ауырып жатыр» деген сөзі айналадағыларды толқытқан, деп жазады qandastar.kz.

Сол кезде дүкенге кіріп келген әйел жағдайды түсініп, баланы қорғаштап, өз ақшасына оған бірнеше жеміс-жидек сатып әпереді. Бұл сәтті көрген желі қолданушылары әйелдің адамгершілігіне тәнті болып, жылы пікірлер жазған. Онда «Сіз анасыз, сондықтан сізде үлкен жүрек бар», «Жақсы әйел, жылап көрдім» деген жылы лебіздерін жеткізіп жатыр.

Кейін белгілі болғандай, бұл көрініс әлеуметтік эксперимент ретінде ұйымдастырылған. Мақсат – адамдардың мейірім мен қайырымдылыққа қаншалықты дайын екенін көрсету болған. Әйелдің қамқорлығы бей-жай қалмаған: эксперимент авторлары оған алғыс айтып, жұмсаған ақшасын еселеп қайтарған.

Ал видеодағы Зарина Харисова бұл жәй ғана әлеуметтік эскперимент екенін білмеген. Ол «жақсылық жасайық, оның міндетті түрде қайтарымы болады» деп жазған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button