Жаңалықтар

Асхат Тағыберген «Ордабасыдан” неге кетті?

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Асхат Тағыбергеннің “Ордабасы” клубынан кеткенін айтты, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы ол өз Telegram-арнасында жазды.

Оның айтуынша, Тағыберген шымкенттік клубтан кеткенін растаған.

“Келісімшартының аяқталуына 10 ай қалған еді. Ол толық өтемақы талап етпей, өзіне ең тиімсіз нұсқаны таңдады”, – деп түсіндірді Құрман.

Әзірге футболшы басқа клубқа ауысқан жоқ, бірақ жақын арада жаңа ақпарат пайда болуы мүмкін, деп қосты ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен кездесу барысында ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің “қазір ойнай алмайтынын” және “кеткісі де келмейтінін, жай ғана отырғанын” айтқан болатын. Сол кезде қала басшысы Қазақстан футбол құрамасы капитанының жалақысы 20 миллион теңгені құрайтынын мәлімдеген. Кейін Тағыбергеннің жары Сыздықбековтің сынына жауап берді.

34 жастағы Тағыберген бұған дейін “Ақтөбе” және “Астана” клубтарында ойнаған, ал 2014 жылдан бастап ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақырылып келеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close