Шоу бизнес

Ашық киім киіп, әкесімен видеоға түскен Қайрат Нұртастың қызы сынға қалды

Танымал әнші Қайрат Нұртастың үлкен қызы Алау TikTok парақшасында әкесімен бірге түсірген видеосын жариялады. Ол Қайрат Нұртастың дауысы бар видеоға, әкесімен бірге түскен, деп жазады qandastar.kz.

Алайда желі қолданушыларының назарын Алаудың киімі аударып, көпшілік оны «тым ашық киінген» деп сынады. Түрлі пікірлер жазылып, қызу талқылауға себеп болды.

Кейбір қолданушылар:

«Әкемізбен ашық киініп түспек түгілі, көзіне тік қарай алмаймыз ғой», – деген пікір қалдырды.

Бұған Алау:

«Өте өкінішті», – деп орысша жауап берді.

Тағы бірі:

«Папасымен бірге түссін, бірақ сәл жабықтау киінсе әдемірек болар еді», – десе, енді бірі: «Папасы емес, ағасы сияқты. Қайрат жас көрінеді», – деп пікір жазды.

«Әлгі көйлегінің алды түсіп кетпей ме деп қорыққаным-ай, әкесінен емес, өзім ұялып тұрмын ғой», – дегендер де болды.

Ал кейбір қолданушылар Алауды қорғап:

«Халқым-ау, неге сонша сыншылсыңдар? Қазір 21 ғасыр, дамыған заман. Өз қыздарың жабық жүрсе болды, неге мұншалықты талқылайсыңдар? Қызы керемет жарасып тұр, кие берсін. Өте үйлесіп тұр», – деп жазды.

 

@kaalauka_ inst: kaalau_ / тгк: alauka’s diary | @Қайрат Нұртас ♬ оригинальный звук — snickers

Ұқсас Мақалалар

Back to top button