Жаңалықтар

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісімен Бас прокуратура айналыспақ

Заңгер Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісі бойынша маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді.

«Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», — деді Иманбай.

Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар ауыр бас жарақатын алып, еңбекке жарамсыз болып қалған еді.

Ұлттық ұлан өкілдері сарбаз дәретханада құлап, жарақат алғанын мәлімдеген еді. Алайда оның ата-анасы бұл нұсқамен келіспейді.

Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен, оған 5 рет ота жасалды. Осы жылдың басында ол Түркияда емінің бірінші кезеңін аяқтап, елге оралған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button