Жаңалықтар

Әскерде соңғы 4 жылда 86 суицид орын алған: Министрлік не дейді?

Фото: ашық дереккөз

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті  соңғы 4 жылдағы көрсеткіштермен, әскердегі суцидке қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz.

Есеп бойынша Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық ұланда, ҰҚКМ, СҚА және ТЖМ Шекара қызметінде 86 суицид орын алған. Егер тек Қарулы Күштерді (ӘК) алсақ, онда 40 суицид фактісі (7 офицер, 22 келісімшарт жасаушы, 4 курсант және 7 мерзімді басшы) тіркелген.

«6 факт бойынша тергеу жүріп жатыр, қалған 34 жағдай қылмыстық құрамы жоқ деп жабылды. Қызметтік тергеуден кейін 11 адам жұмыстан шығарылды, 167 адам тәртіптік жаза алды», – дейді  комитет мүшесі Константин Авершин.

Қорғаныс министрлігі өкілдері «әскердегі өлімнің көп жағдайда әскери қызметке қатысы жоқ» деп санайды. Бұған дейін Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев елде әскери қызметкерлердің өлімі мен жарақаттануына негізінен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді пайдалануға салғырт қарау, техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, жұмыстан тыс уақытта жол-көлік оқиғалары, сырқаттану, суицид пен «отбасындағы кикілжіңдерге байланысты» өзіне қол жұмсауға тырысу жайттары себеп екенін айтты.

Деректерге сүйенсек, 2020 жылдан бері Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болған. Ресми мәлімет бойынша, олардың өліміне көп жағдайда ауру, жол апаты мен суицид себеп.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close