Жаңалықтар
Әскерден ауыр халде оралған Ербаянның жақындары мәлімдеме жасады

Фото: инстаграм
Әскерде жүріп, мүгедек болған Ербаянның туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz
«Бүгін – ислам күнтізбесіндегі ең қасиетті түндердің бірі, мейірім мен кешірімге толы Бараат түні. Бұл түн – ақ жүрекпен жасалған әрбір дұға қабыл болатын ерекше уақыт.
Біз, Ербаянның отбасы, осы қасиетті түнді дұғада өткіземіз. Егер мүмкіндік болса, сіз де бүгінгі түнде Ербаян үшін тілек тілеп, аяғынан тұрып кетсін деңізші. Алла Тағала барлық ізгі ниеттерімізді қабыл етсін!
Фотода Ербаянның бүгінгі жағдайы. Шүкір», — деп жазды туыстары.