Жаңалықтар
Әскери қызметкерлерге үйін салғызғаны үшін сотталған экс-вице-министр бостандыққа шықты
Фото: ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар экс-вице министрі Ибрагим Күлшімбаев апелляциялық сот шешімімен босатылды. Оған Қарағандыда әскери қызметкерлерді ұлына үй салуға мәжбүрледі деген айып тағылған еді, – деп хабарлайды qandastar.kz
Апелляциялық сот оның әрекетін «билігін қолдану» дегеннен «қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» санатына ауыстырды. Осылайша оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмыстарға тартылады.
Естеріңізде болса, бұрынғы шенеунік 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот шешімі тамыздың 7-сі күні шыққан.