Жаңалықтар
Әскери парад басталды

Фото: malim.kz
“Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад басталды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
Салтанатты шараның басты көрермендері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың ардагерлері мен қазіргі әскери қызметшілер.
Әскери шеруге кімдер қатысады?
• Қарулы күштердің үздік бөлімшелері,
• Құрмет қарауылы роталары,
• Құқық қорғау органдары мен өзге де әскери құрылымдардың өкілдері,
• Барлығы – 24 парадтық есептоп,
• 200-ден астам әскери техника,
• 60-тан астам әуе кемесі (майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиация).
Парадтың тікелей көрсетілімі сағат 11:00-де басталады және елорданың бірнеше негізгі алаңында ұйымдастырылады:
• Қалалық алаң (елорда әкімдігі жанында) – тікелей эфир және концерттік бағдарлама;
• «Астана Арена» стадионы – тікелей эфир және мерекелік концерт;
• «Astana Music Hall» тұрағы (Б.Момышұлы даңғылы, 1) – шерудің тікелей көрсетілімі.
Сонымен қатар, әскери парад республикалық телеарналардан да тікелей эфирде көрсетіледі.