Жаңалықтар
Астана: Әуежай қызметкерлері шетелдік жолаушының мысығын жоғалтып алды
Фото: ашық дереккөз
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Стамбулдан Scat Airlines ұшағымен келген Юки есімді мысық жоғалды, деп жазады qandastar.kz
Юкидің иесі Екатерина Барлас «Скат» жануарды бортқа шығаруға рұқсат бермегенін және оны багаж бөліміне жатқызғанын айтты. Нәтижесінде Юки Астана халықаралық әуежайында жоғалып кетті.
«Біз Ыстамбұлдан Астанаға ұштық. Астанаға жеткенде әуежай қызметкері мысығымды арнайы купеден шығарғанда мысық қорқып қашып кеткен. Ол отбасымыздың мүшесіндей еді», – деп бөлісті қыз.
Екатеринаның айтуынша, оның жануары стрессте екені анық. Әуежай қызметкерлері оған жаңа асыл тұқымды мысық сатып әперу арқылы өз кінәсін толтырмақ болған.
«Әуежай маған тағы бір мысық сатып алып беруді ұсынды, мен бас тарттым және мысығымды тауып беруін сұраймын», – деп түсіндірді мысықтың иесі.