Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушыларды шұғыл эвакуациялау туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Shyndyk.kz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, әуежай аумағында жоспарлы оқу-жаттығу дабылы өткізілген. Оның барысында хабарлау жүйесі тексеріліп, қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталған.
Жолаушылар мен келушілер оқу-жаттығу басталар алдында дауыс зорайтқыш арқылы алдын ала ескертілген. Өрт, қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлар немесе басқа да оқиғалар тіркелмеген.
Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.



