Жаңалықтар

Астана халықаралық форумына өанша қаржы бөлінеді?

Фото: ашық дереккөз

Биыл Астана халықаралық форумы демеушілер есебінен өткізіледі, – деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген, алайда биыл бұл қаулының күші жойылған.

Форумды ұйымдастыруға қатысты барлық шығын демеушілік жарналар арқылы жабылады және оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close