Жаңалықтар
«Астана» клубы қаржылық қиындыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бұқаралық ақпарат құралдарында Астана футбол клубының бес айлық еңбекақы қарызы бар деген жалған ақпарат таралуда, деп хабарлайды qandastar.kz
Астана футбол клубының баспасөз қызметі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және бас бапкердің атынан жарияланған мақала авторының ойдан шығарған мәліметі екенін мәлім етті.
«Иә, қазіргі уақытта клубта белгілі бір қаржылық қиындықтар бар, алайда бұл мәселелер жақын арада шешімін табады деп күтілуде — бюджет бекітіліп, қажетті нормативтік құжаттар мақұлданғаннан кейін. SportQory қоры, өз тарапынан, бюджет бекітілгенге дейін клубқа жан-жақты қолдау көрсетуде, соның ішінде өз қаражаты есебінен қаржылық көмек те берілуде. Осы жағдайды түсіндіру мақсатында Қор басшылығы мен команда арасында кездесу өткізу жоспарланған. Аталған кездесу жақын күндері өтеді деп күтілуде», – делінген хабарламада.