Білім
Астана маңындағы ауылда 14 жастағы қыз өзіне қол жұмсады
Фото: ашық дереккөз
Полиция аталған факті бойынша тергеу бастады.
Астана маңындағы ауылда 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.
Желіде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жасөспірім қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат тарады.
Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
«1 қазанда Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне Астана қаласының тұрғынынан өзінің Жібек-Жолы ауылындағы үйінің гаражында 2010 жылы туған немере қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – делінген полиция хабарламасында.
Полиция іске қатысты басқа ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын атап өтті.
«Полиция тағы да ата-аналарды балаларының интернет пен әлеуметтік желілер арқылы қауіпті іс-әрекеттерге араласу қаупіне байланысты олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады», – делінген полиция хабарламасында.