Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамдары мынадай: доллар 480,02 теңгеден сатып алынып, 486,97 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 553,00 теңге, сату бағамы – 563,00 теңге. Ресей рублі 5,80–6,20 теңге аралығында, ал қытай юані 71,29 теңгеден сатып алынып, 75,66 теңгеден сатылуда.
Ал Алматы қаласында доллар 482,91 теңгеден сатып алынып, 485,18 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 555,89–561,03 теңге аралығында бағаланған. Рубль 5,84–6,00 теңге аралығында саудаланса, юань 70,65–73,14 теңге шамасында.
Айта кетейік, апта соңында доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге өсіп, 482,53 теңгені құрады.
