Әлеумет және қоғам

Астана мен жеті қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін – «Қазгидромет» ескертуі

«Қазгидромет» 28 ақпанда Астана және тағы жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін екенін хабарлады. Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

Қазгидромет 2026 жылғы 28 ақпанда Астана мен еліміздің жеті қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«28 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Павлодар, Қарағады, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Қостанай қалаларында күтіледі», делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді факторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 28 ақпанда еліміздің екі өңірінде қатты аяз күтілетінін хабарлаған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде ауа температурасы -41°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button