Жаңалықтар

Астана орталығындағы тұрғын үйдің баспалдақтарын мұз басқан

Астананың орталығында элиталық тұрғын үй кешенінің подъезіне мұз қатты. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде мұз қатқан баспалдақтардың видеосы тарады.

Жазба авторының айтуынша, видео “Водно-Зеленый бульвар” тұрғын үй кешенінде түсірілген. Видеодан баспалдақтар, қабырғалар мен кіреберісті мұз басып қалғанын байқауға болады.

“Сұмдық. Астана қаласындағы еліміздің бас партиясы отыратын офистің Водно-Зеленый бульвар тұрғын үй кешенінің баспалдақтарына мұз қатты”, – делінген жазбада.

“Астана-Теплотранзит” кәсіпорны аталмыш тұрғын үй кешеніне жылу қалыпты режимде беріліп жатқанын, жылу жеткізуде ешқандай шектеулер тіркелмегенін хабарлады.

Компанияның мәліметінше, 24 қаңтар күні Қонаев көшесіндегі үйдің төртінші подъезінің 12-қабатындағы баспалдақ алаңында жылыту жүйесінің радиаторынан ақау анықталған.

“Ақауға байланысты радиаторлар ауыстырылғанға дейін баспалдақ алаңының жылуы уақытша өшірілді”, – делінген компания хабарламасында.

“Астана-Теплотранзит” ақауға жылыту жүйесінің қатып қалуы себеп болғанын атап өтті. Баспалдақ алаңының есіктері ұзақ уақыт бойы 8-қабаттан 14-қабатқа дейін ашық тұрғандықтан мұз қатқан.

Еске салсақ, бұған дейін елордалықтар BI Group компаниясы салған көпқабатты үйлердің сапасына шағымданғаны туралы жазған едік.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button