Жаңалықтар
Астана – Щучинск тасжолында 40 көлік соқтығысты
Фото: ашық дереккөз
Ақмола облысында 40 автокөлік соқтығысты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады.
«Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады департамент.
Видеосы осында https://youtu.be/yNn9VRi-uZw
Бұған дейін Қарағанды тасжолында 800 көлік жолда қалғаны хабарланған еді.
Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды – Астана және Қарағанды – Павлодар жолдары жабылды. Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасты.
Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған. Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.