Оқиға Астана қаласының NOVA CITY тұрғын үй кешенінде болған. Көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде жұмыс істеп болған альпинист биікке шығып, қол жайып дұға тілеген, деп хабарлайды qandastar.kz
Ерекше сәтті желіге жариялаған автор «Оның дұғасында не болғанын өзі ғана біледі. Мұндай иманы берік адамға риза болдым, аман болсын»», – деп жазба қалдырды.
Әлеуметтік желі қолданушылары да «Ержүрек ер, табыс тауып жүр ғой осылай» деген жобада пікір қалдырып жатыр.



