Астанада 10 жасар қыз қамыр илейтін құрылғыға қолын қысып қалды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлайды.
10 жасар қыздың қолы құрылғыға қысылып қалған екен. Ата-ана қолын өздері шығара алмай, құтқарушыларға жүгінді.
Құтқарушылар баланы және ата-ананы тыныштандыруға мәжбүр болды.
«Тез келген құтқарушылар алдымен бала мен ата-ананы тыныштандырды, содан кейін құтқарушылардың бірі қыздың қолына мұз жағып, оның назарын аударса, екіншісі аппаратты жартылай бөлшектеп, саусақтарын босатқан», – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.



