Астанада патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 35 жастағы ер адамның өмірі аман сақталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
«102» арнасына хабар түн ортасында келіп түскен. Ер адам өзі қоңырау шалып, подъездің 13-қабатындағы балконнан секірмек ниеті барын айтқан.
Полицейлер оқиға орнына жеткенде, ол жартылай асылып тұрған.
«Оқиға орнына полиция полкінің капитаны Ермек Жәкен мен аға лейтенант Таңат Бостанов дереу аттанды. Жағдайды бағамдаған олар ер адаммен сақтықпен сөйлесіп, оны қайғылы қадамнан айнытуға тырысты. Тәртіп сақшылары подъезге жасырын кіріп, қажетті қабатқа көтерілді. Шешуші сәтте олар жылдам әрекет етіп, ер адамды ұстап қалды да, оның өмірін құтқарып қалды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, — деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.



