
Елордада 10 шілдеге қараған түнде көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Өрттен қорғану үшін балконның терезесіне шыққан әйелді құтқарушы аман алып қалған,-деп хабарлайды Qandastar.kz
ТЖД мәліметінше, 10 шілдеде түнгі сағат 02.00-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Иманбаев 8 мекенжайына шықты.
«Өрт сөндірушілер келгенде 7-қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиhаздары өртеніп жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 7-қабатта балконнан әйел адам құтқарылды. Өрт сағат 2:25 минутта толығымен сөндірілді», — делінген хабарламада. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 12 адамы және 3 техникасы жұмылдырылды. «Әйелді құтқарған азамат – 2-МӨСБ бөлімше командирі Бағлан Бекшенов және 2-МӨСБ жүргізуші-қызметкері Қадір Өмірзақов», — деді ведомство өклідері.