Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада 8 жастағы қызды ұрламақ болған ер адам іздестіріліп жатыр

Астана қаласында белгісіз ер адам 8 жастағы қызды «ұрлап кетемін» деп қорқытып, оны күшпен алып кетуге әрекет жасаған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға туралы қыздың анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Оның айтуынша, ер адам көшеде келе жатқан баланың қолынан тартып, қорқытып, күштеп әкетпек болған.

Алайда сол сәтте маңайдан өтіп бара жатқан екі жасөспірім қызға араша түсіп, қатты айқайлаған. Күтпеген шудан сескенген ер адам қызды жібере салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданының полиция басқармасы арыздың тіркелгенін растады.

Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бағытында іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button