Жаңалықтар

Астанада 85 жастағы кейуананы көршісі қамап қойып, үйін атына аударып алған

Астанада 85 жастағы кейуана ұлын жоғалтқаннан кейін жалғыз қалып, қиын жағдайға тап болған. Көршісі Мәдина Зұбайраеваның айтуынша, қария бірнеше жыл бұрын көру қабілетінен айырылған. Ұлы жоғалған соң, оған қарайласатын ешкімі қалмаған. Осы жағдайды пайдаланған көршілері әжейдің үйін өз атына аударып алған, деп хабарлайды qandastar.kz

Сонымен қатар, қарияны тамақтандырмай, суық бөлмеде қараусыз қалдырған.

Қарт ананың жағдайына жауапты Инна Мадина Зұбайраева да қарсы тарапқа шағым түсіріп, үйді өздерінің атына аударған. Екі тараптың да түсініктемелері бір-біріне қайшы келеді.

Қазір мамандар кейуананы қарттар үйіне орналастыруды жоспарлауда. Ал әкімдік медициналық тексерістен кейін оны «Шарапат» орталығының стационарына жіберіп, қажетті әлеуметтік қызметтер көрсетілетінін хабарлады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button