Әлеумет және қоғам

Астанада айып тұрағын ақылы ету ұсынысына сенатор пікір білдірді

Марат Қожаев айып тұрағын ақылы ету шешімі жергілікті әкімдіктердің құзыретінде екенін айтты. Оның пікірінше, көліктерді эвакуациялау мен сақтау шығындары бұл бастаманы енгізуге негіз болуы мүмкін.

Марат Қожаев Астанада айып тұрағын ақылы ету жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz пориалына сілтеме жасап.

Сенатордың айтуынша, мұндай шешімді жергілікті әкімдіктер өз құзыреті аясында қабылдай алады. Ол автокөліктерді эвакуациялау, сақтау және күзету белгілі бір шығынды талап ететінін атап өтіп, сондықтан ақылы жүйе енгізу орынды болуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұған дейін Астананың көлік басқармасының басшысы Асхат Қарагойшин көліктерді эвакуациялау мен айып тұрағында сақтау үшін төлем енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Жаңа жүйені 23 наурыздан бастап іске қосу көзделуде.

Back to top button