Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада Алаш тас жолының бір бөлігі 25 тамызға дейін ішінара жабылады

Астанада Алаш тас жолының 400 метрлік учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 5–25 тамыз аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Осы кезеңде қозғалыс қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

Астанадағы Алаш тас жолында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, жолдың 400 метрлік бөлігінде салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысы орнатылады. Осыған байланысты 5–25 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектелмек.

Жөндеу кезеңінде көліктер қарсы бағыттағы жолақтар арқылы қатынайды.

Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолға шығар алдында бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес берді.

Сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін жөндеу аймағында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button