
Фото: zakon.kz
Астанада жеңіл рельсті (LRT) желісінің алғашқы пойызы сынақ режимінде жүре бастады, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, тестілеу кезеңі 3 айдан 6 айға дейін жалғасады. Жоба толық іске қосылғаннан кейін билет құны 200 теңге болады деп жоспарланып отыр.



