Жаңалықтар

Астанада бұрынғы Cinema City кинотеатры өртке оранды

Елордада бір кездері танымал болған, бүгінде қаңырап бос тұрған Cinema City кинотеатрының аумағында өрт шықты, деп жазады qandastar.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Амангелді Иманов көшесінде орналасқан бір қабатты бөлек павильонда тіркелген. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге елордалық өрт сөндірушілер жедел кірісіп, оқиға орнына күшейтілген құрам тартылған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Cinema City ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылып, шамамен 10 жыл жұмыс істеген. Ол кезде кешен Астананың ең танымал демалыс орындарының бірі болған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button