Жаңалықтар

Астанада Дариға Назарбаеваның резиденциясы неге бұзылып жатыр?

Фото: Самат Ысқақов

Айтылып отырған жер Есілдің оң жағалауындағы Ататүрік саябағы мен Ақ бұлақ өзенінің аралығында орналасқан. Аумағы 15 мың шаршы метрді құраған Дариға Назарбаеваның резиденциясы екі өзеннің түйіскен жерінде. Бүкіл кешеннің ауданы бір кездері Ішкі істер министрлігінің шипажайына тиесілі көршілес жерменмен бірге 300 сотықты құраған, деп хабарлайды qandastar.kz. Осы жылдың жазына дейін бүкіл аумаққа Назарбаева құрылтайшылық етті.

Бұл мүлік 2000 жылы желтоқсанда құрылған «Tranaction» жеке серіктеске тіркелген. Назарбаевтың үлкен қызы аз ғана уақыт тікелей иелік етті. Одан кейін активтің егесі туралы ақпарат құпияда болды.

Бұған дейін компания Назарбаеваға байланысы бар адамдардарға тиесілі болды. Меншік иелерінің құжат жүзінде ауысқанына қарамастан, соңғы 10 жылда компанияны Арман Наурызбаев үздіксіз басқарды.
Дегенмен биыл жазда Наурызбаевтың орнына бұған дейін квазимемлекеттік «Қазақстан тұрғын үй компаниясында» басшылық қызметте болған Жаңыл Саяқова келді.

«Tranaction» компаниясы ағымдағы жылдың 9-қазанында қайта тіркелген. Бұл кезде компания мекен-жайы мен басшысы да өзгерген. Жаңыл Саяқова «Tranaction» компаниясымен қатар ол Нұрлан Артықбаевтың Qazaq Kalium компаниясын басқарып келеді.

Спутниктен түсірілген суреттерге қарағанда, қазір Назарбаеваның бұрынғы резиденциясы аумағында қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл активтің құнын тек шамамен бағалауға болады. Жақын жерде дәл өзен жағалауында сатылатын мұндай учаскелер жоқ. Осы маңда үш есе аз жер телімдері 2 миллиард теңгеге бағаланған. Яғни ғимараттарды есепке ала отырып, Дариғаның активін төменгі шек бойынша 7-8 миллиард теңгеге бағалауға болады.

Блогер Самат Ысқақов биыл жазда Астанадағы «Думан» қонақүй кешені де сатылымға шығарылғанын жазды. Бұған дейін ол да Дариға Назарбаева мен оның «жұбайы» делінетін Қайрат Шәріпбаевқа тиесілі болған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close