Астанада А108 көшесіндегі автобус аялдамасының жанында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы problemy_astana-ға сілтеме жасап.
«Ер адам көктайғақта тайып құлап, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», — деп жазады басылым.
Алайда қалалық әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әкімдік мәліметінше, көктайғақ салдарынан ер адамның тайып құлап, көз жұмғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сай келмейді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, А108 көшесінде, 20-үйдің маңындағы автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның биологиялық өлімін тіркеді.
Марқұмның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



