Жаңалықтар
Астанада ер адамның әйелді дүкенде ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған
Астаналық әйелді дүкенде соққыға жыққан сәт видеоға түсіп қалған. Зардап шеккен әйел астаналық дүкендердің бірінде өзін қалай соққыға жыққаны түсірілген видеоны бөлісті,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Ол дүкенде баланы абайсызда қағып кеткенін айтты. Оның сөзінше, қыздың кешірім сұрағанына баланың әкесі агрессив көрсеткен. Астана тұрғынының айтуынша, бала ұстаған ер адам оны балағаттап, боқтық сөздер айта бастаған. Артынша өзі оралып, тағы да ұрысып, соңы төбелеске ұласқан.
Жазбадан ер адамның әйелді итеріп, оған физикалық күш қолданғанын көруге болады.
Ер адам әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Астана полиция департаменті.