Жаңалықтар

Астанада қараусыз ескі ғимараттан жасөспірім қыздың мәйіті табылды

Фото: Halyq Uni

Астанада оң жағалауда 10 қыркүйекте  №5 гимназиядан 20 метр жерде жасөспірім қыздың мәйіті табылған. Оқиға қараусыз қалған ескі ғимарат маңында болған, деп хабарлайды qandastar.kz Halyq Uni сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбаға қарағанда, ол Кеңес Одағы кезінде «Золотая рыбка» балабақшасы болған. Сондай-ақ, автордың жазуынша, жасөспірім қыздың 2010 жылғы екенін №16 мектеп оқушылары растаған. Оның алдында осы жерден ер адамның мәйіті шыққан. Ғимараттың аумағы қоршалмаған, бірнеше рет өртенген.

Ақпаратты елорда полициясы растады.

Кәмелетке толмаған қыздың мәйітін тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, өлімнің себебі анықталады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Астана қаласы ПД.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close