Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада «ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталып, қамауға алынды

Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция мәліметінше, тергеу жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталды.

«ҚазТАГ редакциясының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жеке компания өкілінің іскерлік мүдделері мен беделіне айтарлықтай зиян келтірген көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратуға қатысты жазбаша арызы негізінде басталды.

Тергеу барысында тергеу әрекеттері қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді. Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеу кезеңін және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, осы жылдың 23 желтоқсанында ҚазТАГ бас редакторы ұсталып, Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген мәлімдемеде.

Тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізілуде.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», — дейді департаменттегілер.

Back to top button