
Шағын автобустың жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған, деп хабарлайды qandastar.kz
2025 жылғы 4 желтоқсан кешкісін Алматыда жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған.
Полицияның мәліметінше, соққының салдарынан микроавтобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.
«Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген Астана қаласы Полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Қазірг уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары басталды.



