Астананың Сарыарқа ауданы Степан Кубрин көшесінде орналасқан он екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаздың жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер жедел түрде барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.
Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы 23 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 25 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



