Астанада көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде балалар арбасын өртеген жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Іnstagram желісіндегі janbyr_qazaqstan парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнебақылау камерасындағы жазбаға сәйкес, ол сіріңкені арбаға лақтырып, өрттің шығуына себеп болған.
Оттың тез таралуынан подъезд түтінге толып, бес бала мен олардың әжесі түтінге уланып қалды. Олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 11 жасар баланың жағдайы аса ауыр болған. Медициналық көмектің көрсетілгеніне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Құтқару жұмыстары барысында 46 тұрғын эвакуацияланды. Полиция өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тергеуде.



