Жаңалықтар

Астанада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөз

Елордада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Таңертеңнен бері әлемнің 30-ға жуық елінен келген шабандоздар іріктеуден өтіп жатыр, дейді ұйымдастырушылар.

Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Жарысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып отыр. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетіп жатыр, – делінген ақпаратта.

Айта кету керек, спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.

Көшпенділер ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close