Жаңалықтар
Астанада күйеуі әйелін темірмен ұрып, өзі көп қабатты үйден секіріп кеткен
Фото: ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 1 қазан күні Қосшығұлұлы көшесінде болған, деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«1 қазан күні кешкі сағат 23:36-да полицияға көшеде ер адамның жатқаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын, күйеуінің әйелін ұрып, өзі 10 қабатты үйден секіріп кеткенін анықтады», – делінген Астана Полиция департаментінің хабарламасында.
Ол әйелін машина жөндейтін темір кілтпен ұрған. Әйел жедел ауруханаға жеткізілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.