Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада LRT жолақысы 200 теңге болады

Астанадағы LRT жолақысы белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Астанада іске қосылуы жоспарланған жеңіл рельсті көліктің жолақысы 200 теңге болуы мүмкін.

Тиісті тариф туралы қаулы жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, LRT желісі бойынша бір реттік сапар құны 200 теңге болып белгіленген.

Жолаушылар жолақыны қолма-қол да, қолма-қолсыз тәсілмен де төлей алады.

Құжат әзірге қоғамдық талқылау кезеңінде. Тұрғындар ұсыныс-пікірлерін 27 наурызға дейін білдіре алады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button