Жаңалықтар

Астанада мас күйінде көлік тізгіндеген судья ұсталды

Астанада полицейлер мас күйінде көлік басқарған судьяны ұстады. Бұл ақпаратты қала полиция департаменті растады, деп хабарлайды qandastar.kz

Ведомствоның мәліметінше, Mazda маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші жол-патрульдік қызмет инспекторлары тарапынан тоқтатылған. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталды.

«Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, қазір тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Департамент өкілдері судьяның аты-жөнін жарияламады. Алайда әлеуметтік желілерде ұсталған адамның судья Асель Досаева болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Құқық қорғау органдары бұл мәліметті әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button