Жаңалықтар

Астанада ЦОН қызметкері заңсыз ИИН рәсімдегені үшін сотталды

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот бұрынғы ЦОН қызметкеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Qandastar.kz

Ол ақпараттық жүйеге әдейі жалған мәлімет енгізіп, ауыр зардаптарға әкелгені үшін айыпталды (ҚР ҚК 206-бап, 3-бөлім, 2-тармақ).

Сот дерегінше, 2024 жылғы 8 қазанда айыпталушы қасақана әрекет жасап, белгісіз тұлға тапсырған құжаттар негізінде Ресей азаматының атына заңсыз жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) рәсімдеген. Кейін осы ИИН арқылы банктік шот ашылып, оған 40 миллион теңге аударылған.

Бұл жағдайдан зардап шеккен тек азамат қана емес, мемлекет те шығынға ұшыраған. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда сот оның кінәсі дәлелденгенін айтып, екі кішкентай баласының барын жеңілдететін жағдай ретінде есепке алды. Ешқандай ауырлататын жағдай болмағандықтан, әйелге үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған екі жыл бойы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ИИН рәсімдеуге тыйым салынды. «Ашық жарияланған үкім ЦОН операторларының қатысуымен оқылды.

Бұл – мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында жасалды», – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімі үштен бірге қысқартылып, екі жылға азайтылды. Жазасын әйел қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close