Жаңалықтар
Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап өлтірді

Фото: Pixabay
Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
7 қыркүйек күні Астанадағы «Amazon» түнгі клубында келушілер арасында жанжал шығып, соңы пышақтасуға ұласты. Жанжалдан 19 жастағы жігіт қайтыс болды.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, Талғарда ер адам қызды зорлап, ағасын атып өлтірді