Жаңалықтар

Астанада тұрғын үй кешенінен шыққан өрттің себебі белгілі болды

Астанадағы алапат өрттің себебі белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ханшатырдың маңындағы көпқабатты ғимарат сыртқы қаптамасы мен жылытқыштың жануынан отқа оранған,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өртенген үйдің тұрғындарымен кездесті. Тиісті комиссиясын құрылып, барлық шығындар өтелетінін мәлімдеді. Сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісетінін айтты. Айта өтейін, өткен сенбі күні Астанадағы көпқабатты үйдің 26-шы қабатынан өрт шығып, 12 адам эвакуацияланған болатын.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close