Әлем жаңалықтары
Астанада ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлері жиналды: олар нені талқылады
Zakon.kz жазғандай, ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков қатысты.
«Кездесуге қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп мерекелеуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынылған бірқатар құжаттарды мақұлдап, одақтастық байланыстарды одан әрі нығайтуға, сыртқы саяси үйлестіруді арттыруға және Ұжымдық күштерді дамытуға бағытталған шешімдер қабылданды.
Бүгін, 28 қарашада Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтеді. Оған қатысу үшін Қазақстан астанасына мәртебелі меймандар келді: Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және т.б.