Жаңалықтар

Астанада үш бала пойызбен қашпақ болып, жолда ұсталды

Астанада жасы 8, 10 және 11-де болатын үш бала үйден қашып, бос жүк вагонына мініп кеткен, деп хабарлайды qandastar.kz.

Олар бірнеше ондаған шақырым жол жүргеннен кейін көлік полициясы тарапынан байқалып, Ақмола облысындағы Аршалы станциясында түсірілген. Балалар ата-аналарына табысталды.

«Ата-аналарға теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеледі. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне тиісті бақылау жасамағаны үшін де шара қолданылады», – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Қазір ата-аналарға тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін айыппұл салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button