Жаңалықтар

Астанада Жаңа жылға арналған отшашуды қай жерден көруге болады?

Астанада Жаңа жылға арналған отшашу екі жерде ұйымдастырылады, деп жазады qandastar.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық салют атылады.

Отшашулар екі жерде ұйымдастырлады: Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Атырау» көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, EXPO аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік концерттер өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button