Жаңалықтар

Астанада жастар төбелесті

Фото: скрин

Астанада жасөспірімнің өз құрдасын ұрып-соққан сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кең тарады. Оқиға «Мечта» тұрғын үй кешенінің маңында, №71 мектептің жанында орын алған, деп жазды qandastar.kz

Видеода бір жасөспірімнің жердегі құрдасына бірнеше рет соққы жасағаны және бірнеше бала сырттай бақылап тұрғаны көрінеді. Оқиғаны терезеден түсіріп жатқан әйелдің айқайлауына қарамастан, жасөспірімдер оқиға орнынан қашып кеткен.

Астана полициясы оқиғаға қатысушыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында шаралар қабылданатын болады, – деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Back to top button