Жаңалықтар

Астанада жол апатынан екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа қайта жүруді үйреніп жатыр

Астанада маусым айында автобус соқтығысынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекен оңалтудан өтіп, қайта жүруді үйреніп жүр, деп хабарлады qandastar.kz.

Қайғылы оқиғадан бері төрт ай өтті. Қазір Алуа оңалту орталығында арнайы курстан өтіп, протезбен жүруге машықтануда. Оның сауығу барысын көрсететін ресми парақшада жаңа суреттер мен видеолар жарияланған. Кадрларда кішкентай қыз жаңа протездерінің көмегімен ересектердің сүйемелдеуімен алғашқы қадамдарын жасап келеді.

Еске сала кетсек, апат 2 маусым күні Астананың Республика даңғылында болған. Автобус ақпараттық таблоның тірегіне соғылып, 15 адам жарақат алған еді. Солардың бірі — Алуа. Ауыр жарақат салдарынан дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болған.

Back to top button